Анықтама:Бет жылжыту

This page is a translated version of the page Help:Moving a page and the translation is 98% complete.
PD Ескерту: бұл бетті өңдегенде, сіз өз үлесіңізді CC0 лицензиясы бойынша тапсыруға келісесіз. Қосымша ақпарат алу үшін Жария домен анықтама беттерін көріңіз. PD

Бет (атауын ауыстыру) жылжыту дегеніміз бетке жаңа атау беру. Мұны бет үстіндегі «Тағы» қойындысындағы «жылжыту» әрекеті арқылы орындауға болады. Сіз кірмеген болсаңыз, бұл қойынды көрінбейді. Басқаннан кейін, жаңа атау енгізіп, «Бетті жылжыту» дегенді басыңыз. Әдетте «Қатысты талқылау бетін де жылжыту» функциясын белгіленген қалпында қалдырғаныңыз жөн.

«А» бетін «Б» деп жаңа атауға жылжытсаңыз, бұл операция келесі әрекеттерді орындайды:

  • «А» бетінің атауын «Б» деп өзгертеді
  • «А» бетінің бүкіл өңдеу тарихының атауын да «Б»-нікіндей қылып ауыстырады.
  • «Б» бетіне бағыттайтын «А» бетін бастайды

Екінші пункт маңызды. «Жылжыту» функциясын қолданып, сіз өңдеу тарихын да жылжытасыз. Бұл жағдайлардың көбінде қажетті. Өңдеу тарихы адамдарға бет мазмұны қалай жасалғанын және кімнің қандай үлес қосқанын көруге мүмкіндік береді. Мазмұнды көшіру және қою арқылы жылжытсаңыз (жылжыту функциясын қолданбай), мұны атқара алмайсыз (тағы көріңіз: Help:Tracking changes ).

Жылжыту операциясы өз артынан бағыттау қалдырғанда (Help:Redirects көріңіз), ешбір сілтеме бұзылмайды. Ережеден тыс жағдай — екілік бағыттаулар — «А» бетіне, яғни өз-өзіне, бағыттайтын беттер. Бағыттауларға сілтейтін беттерді немесе басқа бағыттауларды іздеп, мәтінін жаңа атауға тікелей сілтейтіндей етіп өзгерте аласыз. Мұны орындау үшін Құралдар тізіміндегі сілтеме арқылы (бүйірлік тақтаның астында) қолданылатын «Мұнда сілтейтін беттер» функциясы пайдалы.

Жылжытуды болдырмау

Уики өңдеу әрекеттерінің көбі сияқты, кез келген қатысушы жылжыту әрекетін кері қайтара алады. Жылжыту әрекетін кері қайтару үшін бетті жай ғана артқа жылжытыңыз, мысалы «Б» бетін «А» бетіне.

«Б» бетінің атауы «Б» бетінен «А» бетіне бағыттау ретінде қала береді. Кез келген қатысушы бағыттауды жоя алады және бетті жоюды ұсына алады. Алайда бетті жою үшін жүйе операторының привилегиялары қажет (көріңіз: Help:Deletion and undeletion ).

Бағыттау жасамай, бетті жылжыту

 
Аталмыш функция белгіленген

suppressredirect құқығы бар қатысушылар қалауынша бағыттау жасамай, бет жылжыта алады. Бұл әсіресе жылжытуды кері қайтарған кезде пайдалы.

Құқық қосылғанда, бет жылжыту мәзірінде қосымша құсбелгі ұяшығы пайда болады (оң жақтағы суретті көріңіз).

URL параметрлері

Special:MovePage URL-іне келесі сұрау жолдарын қосу арқылы өрістер мен құсбелгі ұяшықтарын алдын ала толтыруға болады.

Параметр Мағына
wpOldTitleNs=n Бастапқы беттің аттар кеңістігінің нөмірі
wpOldTitle= Бастапқы беттің атауы
wpNewTitleNs=n Нысана беттің аттар кеңістігінің нөмірі
wpNewTitle= Нысана беттің атауы
wpMovetalk=1 Бар болса, талқылау бетін жылжыту.
wpReason= Себеп өрісіндегі мәтін
wpWatch=1 Бастапқы және нысана беттерді бақылау

Көптеп атау ауыстыру / жылжыту

MediaWiki көп бет жылжыту операциясын орындайтын арнайы бетті ұсынбайды. Жағдайыңызға байланысты, бұған баламалар бар:

Суббет жылжыту

move-subpages құқығы бар қатысушылар беттің суббетерін жылжытып (100-ге дейін), оның "ағаш тәрізді" құрылымын сақтай алады. Атауда түбірлік бетті белгілесеңіз (Special:MovePage/Бір бет арқылы өтіп), арнайы бет сол түбірлік беттің суббетерін көрсетеді.

Тағы көріңіз