Анықтама:Іздеу

This page is a translated version of the page Help:Searching and the translation is 100% complete.
PD Ескерту: бұл бетті өңдегенде, сіз өз үлесіңізді CC0 лицензиясы бойынша тапсыруға келісесіз. Қосымша ақпарат алу үшін Жария домен анықтама беттерін көріңіз.
PD
Wikimedia уикилеріндегі іздеу функциясының құжаттамасын көру үшін Help:CirrusSearch көріңіз.

MediaWiki ядросында ақпарат табудың ең тез жолы — оны тікелей іздеу. Әр бетте іздеу өрісі бар.

Кілт сөз немесе тіркесті енгізіп, Enter немесе Return дегенді басыңыз немесе үлкейткіш әйнек белгішесін басыңыз (басқа мұқаба қолданғанда Іздеу және өту батырмасын басыңыз). Егер беттің атауы сіз енгізгеніңізбен бірдей болса, сіз сол бетке бірден өтесіз. Басқа жағдайларда, уикидегі барлық бет ізделіп (кейбір шектеулермен, төменде көріңіз), іздеу шарттарына сәйкес келетін мақалалар тізімі немесе енгізілген кілт сөздері мен тіркестері бар бет табылмады деген хабар шығады.

Бұл қалай жұмыс істейді?

  • Уикидегі барлық бет ізделеді (кейбір шектеумен).
  • Мақала мазмұны шикі (уикимәтін) пішімінде ізделеді, яғни бұл бейнеленген бетті емес, «өңдеу» басқанда шығатын өңдеу өрісіндегі мәтінді іздейді. Демек қосылған үлгілердің мазмұны табылмайды, бірақ кілт сілтемелердің нысаналары табылады.
  • Іздеу функциясы бос орындармен немесе басқа тыныс белгілерімен қоршалған бүтін сөздермен ғана жұмыс істейді деп айтуға болады. Сондықтан, іздегеніңізде «кітап» сөзі бар болса, нәтижелерде «кітаптар» немесе «кітапша» деген сөзі ғана бар беттер шықпайды. Ал іздегеніңізде «аң» сөзі болса, нәтижелерде «аңтаң» сөзі ғана бар беттер шықпайды, бірақ «аң-таң» сөзі бар беттер шығады.
  • Нәтижелерде сіз іздеген барлық сөзі бар беттер ғана шығады.
  • Қойылмалы таңбаны (*) қолданып, сөз бөліктерін іздеуге болады, яғни кітап* дегенді іздесеңіз, кітап және кітаптар деген нәтижелер шығады. Бұл операция көбірек ресурс жұмсайды.
  • Тырнақша қолданып, сөз тіркесін іздеуге болады. Сөз тіркесі бүтін сөздерден ған тұрады деп айтуға болады, яғни "ьер-мин" деген тіркесті іздесеңіз, "премьер-министр" тіркесін таба алмайсыз, бірақ оны "премьер-министр" дегенді іздеу арқылы табуға болады.

Іздеуді шектеу

Ештеңе толтырмай, «Іздеу» батырмасын бассаңыз, қосымша іздеу функцияларын ұсынатын «Арнайы:Іздеу» бетіне өтесіз (сонымен қатар бұл кез келген іздеу нәтижелері тізімінен қолжетімді)

Іздеуді белгілі бір аттар кеңістігі ішіндегі беттермен шектеу сіз үшін пайдалы болуы мүмкін, мысалға, User беттерінен ғана іздеу. Бұл іздеу үшін қажетті аттар кеңістіктерін тексеріңіз.